ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
Сіздерді ата-бабамыздан мұра болып жеткен асыл қазынамызды дәріптейтін — Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Домбыра — халқымыздың жанына жақын, көне заманнан сыр шертетін киелі аспап. Ол — ұлттық рухтың үні, тарихтың шежіресі, елдік пен ерліктің белгісі. Күймен тіл қатып, ел мен жерге деген махаббатты, сағыныш пен сүйіспеншілікті, арман мен мұңды тербеген домбыра — қазақтың рухани байлығының темірқазығы.
Домбыраның қоңыр үні әр жүрекке жол тауып, ұлттық өнеріміз ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін!
Ұлттық домбыра күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Шардара ауданының әкімі
Арман Романұлы Қарсыбаев