АУДАН БАСШЫСЫ БАС СУ ТОРАБЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН БАСШЫСЫ БАС СУ ТОРАБЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ
Аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбев сала мамандарымен бірге бас су торабында болып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Іссапар барысында аудан басшысы су шаруашылығы нысандарының жай-күйіне назар аударып, мамандардан алдағы жоспарлар жөнінде ақпарат алды. Арман Романұлы атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Бас су торабындағы жұмыстар аудандағы ауыл шаруашылығы мен халықты сумен қамту мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарады. Жергілікті билік бұл бағытта жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізуді көздейді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі