“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ШАРДАРА АУДАНЫНДА “ҮЛГІЛІ ТАЗА АУЫЛ” БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ШАРДАРА АУДАНЫНДА “ҮЛГІЛІ ТАЗА АУЫЛ” БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
“Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы аудан көлемінде “Үлгілі таза ауыл” байқауы ұйымдастырылуда. Байқау тұрғындар мен мекемелер арасында экологиялық мәдениетті арттыру, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге бағытталған.
Аталған байқау 2025 жылдың қараша айының соңына дейін жалғасады. Байқау барысында әрбір қала және ауылдық округтің тазалық деңгейі, абаттандыру жұмыстарының сапасы, көгалдандыру шаралары, сондай-ақ тұрғындардың бұл іске белсене қатысуы жан-жақты бағаланып отырады.
Байқау кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Соның бірі ретінде 2025 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша аудан көлемінде атқарылған жұмыстар сараланып, жүргізілген талдау нәтижесінде ауылдық округтердің белсенділігі мен тазалық деңгейі әртүрлі екені байқалды. Кейбір округтер жоғары ұйымдасқандық пен тұрғындардың белсенділігін көрсетті. Аралық рейтинг нәтижесі көрсеткендей, бірінші жартыжылдық бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізген ауылдық округтер алдыңғы қатардан көрінді.
Жасыл аймақта:
1-орын — Шардара қаласы,
2-орын — Қ.Тұрысбеков,
3-орын — Көксу ауылдық округтері қортындыласа,
Қызыл аймақта:
Жаушықұм және Қызылқұм ауылдары соңғы орында келеді.
Аудан әкімдігі бұл байқаудың қорытынды кезеңін қараша айының соңында өткізуді жоспарлап отыр. Жеңімпаз ауылдар мен округтер арнайы марапатталып, абаттандыруға арналған арнайы сертификатпен алғыс хаттарға ие болады. Сонымен қатар үздік тәжірибелер аудан көлемінде кеңінен насихатталып, басқа елді мекендерге үлгі ретінде ұсынылады.
Бұл бастама тек тазалық пен көркейтуге бағытталған шара ғана емес, тұрғындардың туған жеріне деген жанашырлығын арттыруға, елді мекендердің тартымдылығын жоғарылатуға септігін тигізеді деп күтілуде.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі