Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Ақпарат пен жаңалықтың қарыштап дамыған заманауи дәуірінде сіздердің еңбектеріңіз ерекше маңызға ие.
Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы ашықтық пен жариялылықтың, әділдік пен адалдықтың басты тірегіне айналды. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында тұрғындарымыз ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстардан, ел мен әлемдегі жаңалықтардан хабардар болып, қоғамдық пікір қалыптасуда.
Журналистика — жүректің ісі. Әрбір жаңалықтың артында сіздердің үздіксіз ізденістеріңіз, кәсіби біліктіліктеріңіз, талпыныстарыңыз бен тынымсыз еңбектеріңіз жатыр. Әрбір мақалаларыңыз бен сұхбаттарыңыз халықтың көңіліндегі ойды дөп басып, өзекті мәселелердің оң шешімін табуына ықпал етуде. Сіздер билік пен халық арасындағы алтын көпір іспеттес байланыс орнатып, халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп, маңызды мәселелердің қозғаушы күшіне айналып отырсыздар.
Бүгінгі таңда сіздердің еңбектеріңіз тек ақпарат тарату ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, жас ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпал ету секілді маңызды міндеттермен толықты. Бұл — үлкен абырой әрі зор жауапкершілік.
Қиындығы мен қызығы қатар жүретін шығармашылық жолдарыңызға әрдайым сәттілік тілеймін! Төл мерекелеріңізде Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық, шығармашылық шабыт пен биік кәсіби жетістіктер тілеймін. Еліміз өркендеп, ауданымыз дамып, әрдайым қуанышты жаңалықтар көп болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен,
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев