«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес аудан аумағындағы жағажай және демалыс орындарында рейдтік бақылау шаралары ұйымдастырылуда.
Рейд барысында санитарлық тазалық талаптарын бұзған 3 нысан иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салынды.
Рейдтік топ құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, табиғатты қорғау мекемелерінің мамандары және басқа да мүдделі ұйымдар тартылған.
Аталған іс-шаралар жаз мезгілі бойы тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі