Құрметті медицина қызметкерлері!

Құрметті медицина қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Адам өмірі мен денсаулығын сақтау – ең үлкен игілік, ал осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбегі қашан да құрметке лайық.
Сіздердің күнделікті атқарып жүрген қызметтеріңіз – мейірімділік пен жанқиярлықтың үлгісі. Әсіресе, қиын-қыстау сәттерде де өз борышына адал болып, адам өмірін сақтап қалу үшін аянбай еңбек еткендеріңізді ел халқы ұмытпайды.
Аудан халқының денсаулығын жақсарту жолында сіңіріп келе жатқан еңбектеріңіз үшін Сіздерге зор алғысымды білдіремін. Әрдайым кәсіби біліктіліктеріңізбен, адами қасиеттеріңізбен ел алғысына бөлене беріңіздер.
Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, баянды бақыт, қажымас қайрат, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі тілекпен, аудан әкімі А.Қарсыбаев