Домбаева Гүлзиба Ақәділқызы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» республикалық байқауының «Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша өңірлік кезеңіне қатысты.
Конкурстың мақсаты-қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, уәждемесін көтеру және жұмыс барысында клиентке бағдарлану қағидаттарын нығайту.
«Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша өңірлік комиссия мүшелерімен үміткерлердің жеке қасиеттері бағаланды:
1) әдептілік және ізеттілік;
2) қызмет көрсетудің жылдамдығы мен тиімділігі;
3) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы;
4) мәселелерді шешуде көмек көрсету;
5) кәсібилік және құзыреттілік.
Өңірлік комиссия мүшелерінің жеке қабылдаудағы бағалауымен 23 үміткерлерге жеке сұхбат жүргізіліп, халықтық дауыс беру кезеңіне 6 үміткер жолдама алған.
Ағымдағы жылдың 11 маусымында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан обылысы бойынша Депатамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Наурызбаевтың төрағалығымен «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының өңірлік жеңімпаздары марапатталып, соның ішінде Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Домбаева Гүлзиба Ақәділқызы «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» республикалық конкурсының өңірлік кезеңіне белсене қатысып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Депатамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Наурызбаевтың «Алғыс» хатымен марапатталды.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі