Ішкі талдау анықтамасының нәтижелерін талқылау жиналысы

Ішкі талдау анықтамасының нәтижелерін талқылау жиналысы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, Шардара ауданы әкімдігіне бағынысты жергілікті атқарушы органдарда ағымдағы жылдың 21 сәуір – 04 маусым аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін жүргізілген ішкі талдау анықтамасының алдын ала нұсқасын талқылау бойынша 28.05.2025 жылғы сағат 10:00-де жиналыс болып, талқылау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін салалар мен тиісті құжаттарға тоқталып өтілді.

Сонымен қатар, талқылау барысында көтерілген мәселелер бойынша қажетті зерделеу жұмыстарын жүргізу қажетті жөнінде тапсырмалар берілді.

Шардара ауданы әкімінің аппараты