Кездесуге аудан прокуроры Алмас Әлі, аудан әкімінің орынбасары Еркебулан Каратунов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өмірбек Рүстем, құрылыс бөлімінің басшысы Асанбай Махашев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Билалов, ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Сержан Ильясов, «КазСуШар» КМК-ның басшысы Абай Муталиев, Шардара су электр станциясының бас инженері Сырым Мамбетов және «Казкрахмал» ЖШС жауапты өкілі Руслан Қияшбаев қатысты.
Кездесу барысында зауытты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, электр желісіне қосу, жол салу және кәріз жүйесіне қосу мәселелері кеңінен қаралды.