КОНЦЕПЦЕПТУАЛДЫҚ ТАПСЫРМА

КОНЦЕПЦЕПТУАЛДЫҚ ТАПСЫРМА

КОНЦЕПЦЕПТУАЛДЫҚ ТАПСЫРМА

ҚЫСҚАША АНЫҚТАМА:

Қазіргі таңда түркі мемлекеттеріне Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Түркіменстан елдері кіреді. Бұл мемлекеттердің халық саны 160 миллионнан асып жығылады. Жалпы, түркі әлемінің өкілдері әлемнің 20-дан астам елінде елеулі диаспоралар құрайды. Түркі халықтарының қалыптасу тарихы 2 мың жылдан асады, ал «түрік» этнонимі алғаш дәуіріміздің 6 ғасырында кездеседі. Жалпы түркі әлемі Еуразия тарихына орасан зор ықпал етіп, Еуразияның қазіргі мәдени, этникалық, геосаяси ерекшеліктерін Еділ өзенінен солтүстік-батысқа қарай оңтүстік-шығыстағы Үнді өзеніне дейін аралықты алып жатты. Ал бүгінде түркі елдері мен халықтары қазіргі әлемнің ажырамас бөлігі болып табылады.

НЫСАННЫҢ БОЛЖАМДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ:

Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) ұсынысы бойынша жоба нысаны, Түркістан қаласында орналасқан Х.А.Яссауи кесенесі дүниежүзілік мұра нысанының ерекше реттеу аймағына кіреді. Осыған байланысты сәулеттік сараптама шарттары бойынша ғимаратының биіктігі 7 (жеті) метрден аспауы тиіс.

Жобада жер асты қабаттарын ұйымдастыру құпталады.

Жалпы жоспарлау шешімдері ҚР ҚНжЕ («Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар», «Көп функционалды ғимараттар мен құрылыстар») талаптарын ескере отырып қабылданады.

Жер телімінің ауданы ≈ 1,5 га.

КОНЦЕПЦИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ:

Ежелгі Түркістан қаласы Ұлы Жібек жолының маңызды орталықтарының бірі болды. Ол түркі мәдениетінің алтын бесігі, мемлекеттің рухани орталығы болып саналған. Қала ұзақ уақыт бойы Қазақ хандығының астанасы болды.

Біздің тіліміздің, сондай-ақ тарихымыздың, мәдениетіміздің, дүниетанымыз бен салт-дәстүріміздің тамырлары бір болғандықтан, түркі әлемі орталығы жобалау концепциясы  халықтардың ынтымақтастықтығын, бірлігі мен достығын бейнелеуі тиіс.

Бұл орталық түркі халықтары өмірінің қауым, отбасы, шежіре, тұрмыс, шығармашылық, сенім сияқты аспектілерін көрсететін түркілердің және түркі әлемінің шығу тегі туралы аңызды бейнелейтін символизмді көрсетуі керек.

БАЙҚАУ ҚҰЖАТЫНА ҚОСЫМША

Байқауға қатысушылар көлемдік-жоспарлау, композициялық, сәулеттік-көркемдік шешімдері бойынша (жеке нысан немесе кешен) қосымша ұсыныс енгізуге, сондай-ақ нысанның қала жүйесінде орналасу орнын белгілеуге өз ұсынысын беруіне мүмкіндігі бар.