
Жалпы Түркістан облысы бойынша 801 елді мекен бар. Соның ішінде халық саны 5000 адамнан асатын - 67 елді мекен және халық саны 5000 адамға дейінгі - 734 елді мекен.
Халық саны 5000 асат//ын 67 елді мекен бас жоспармен толық қамтамасыз етілген, 100% құрайды.
Халық саны 5000 адамға дейінгі - 734 елді мекеннің 727 елді мекенінде дамыту мен құрылыс салу схемасы әзірленген, 99,04% құрайды.
Қалған 7 елді мекендердің дамыту мен құрылыс салу схемасы 2025-2026 жылға жоспарланып, әзірленуде. Оның ішінде,Бәйдібек-2, Сарыағаш-3, Арыс -2.