Түркістан облысының елді мекендерін абаттандыру мен көгалдандыру бойынша семинар-кеңес
Түркістан облысsның әкімдігі тарапынан, Мемлекет басшысының бастамасымен орындалып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшысы А.Дәдебайдың өңірлерде урбанстиканы дамыту мәселелері жөніндегі тапсырмасына сәйкес, «Түркістан облысының елді мекендерін абаттандыру мен көгалдандыру бойынша семинар-кеңес» ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс Министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер Комитеті төрағасы орынбасары м.а. Ж.Ержанов., Астана қаласы «Урбанистика орталығының» басшысы Е.Базыкен, облыстық басқармалар және аудан, қала әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
Басты мақсат тәжірибе алмаса отырып, өңірде қалалық ортаның сапасын арттыру, елді мекендердің сыртқы келбеті мен экологиялық ахуалын жақсарту болып табылады.
Іс-шара екі кезеңде өткізіліп, бірінші бөлігінде көшпелі іс-шара объектілерге бару, жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысу.
Екінші бөлігінде семинар-кеңесте Астана қаласы «Урбанистика орталығының» басшысы Е.Базыкен елордадағы урбанистиканы дамыту бойынша тәжірибемен бөлісіп және Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы М.Көшенов облыс орталығы Түркістан қаласында атқарылып жатқан жобалар, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, көгалдандыру, қолайлы және жайлы қалалық ортаны қалыптастыру бойынша баяндамалар жасады.
Семинар-кеңес урбанистиканы дамыту және тәжірибе алмасу тұрғысынан мазмұнды әрі пайдалы болды.