Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік мекемесі

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік мекемесі

Меморган

Жиі қойылатын сұрақ

Қысқаша жауап

Толық жауап

НҚА-ға сілтеме

Кілтті сөздер

1.

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы ММ-сі

Тұрғын үй учаскелерiн пайдалануда қойылатын қала құрылысы талаптары

Бекiтiлген жобалау құжаттамасына сәйкес және нысаналы мақсат немесе сервитут, аумақты аймақтарға бөлу, қызыл сызықтар және құрылыс салуды реттеу сызықтары, рұқсат беру рәсімдерінен өту және пайдалану қағидалары сақтай отырып, жүзеге асырылуы мүмкін

    Меншiк иелерiнің не жер пайдаланушылардың құрылыс салу үшiн (коммуникациялар тартуды, аумақты инженерлiк дайындауды, абаттандыруды, көгалдандыруды және учаскенi жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда), сондай-ақ ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) кеңейту және реконструкциялау үшін жер учаскелерiн пайдалануы тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасына сәйкес және нысаналы мақсат немесе сервитут, аумақты аймақтарға бөлу, қызыл сызықтар және құрылыс салуды реттеу сызықтары, құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту және пайдалану қағидалары сақтала отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан аумағында белгіленген тыйым салулар сақтала отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

  2001 жылғы 16 шілдедег» «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» N242 Заңының 12-бабына сәйкес

 

2.

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы ММ-сі

Бас жоспар және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша үзінді көшірмесін алу (выкопировка)

«Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызметіне сәйкес жүзеге асырылады

   «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – 1-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» №750 бұйрығы 2-параграв 34-тармағына сәйкес

 

3.

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы ММ-сі

Шағын елді мекендердің бас жоспарларын бекіту және жаңарту процесі туралы ақпарат

Шағын елді мекендердің бас жоспарларын аудандық өкілетті органдар бекітеді.

(басымдық 5-7 жыл, есептік кезең 15-20 жыл).

   Тұрғындардың саны бес мың адамға дейінгі ауылдық елді мекендердің құрылыстың негізгі кезеңдерін қамтитын бас жоспарлары – даму және құрылыс салу схемалары (халқының саны аз елді мекендердің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы) бір кезеңде әзірленеді және елді мекеннің бүкіл аумағына ЕТЖЖ-мен біріктіріледі (басымдық 5-7 жыл, есептік кезең 15-20 жыл).    

     Аудандық маңызы бар қалалар мен кенттердің бас жоспарларының, сондай-ақ тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын – даму және құрылыс салу схемаларын (халқының саны аз елді мекендердің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасын) Заңның 23-1-бабында көзделген аудандық өкілетті органдар бекітеді.

 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі «Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» №505 бұйрығына сәйкес

 

4.

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы ММ-сі

Елді мекендердің бас жоспары туралы түсінік, мәртебесі

Қаланы, кенттi, ауылды не басқа да қонысты дамыту мен салуды кешендi жоспарлаудың қала құрылысы жобасы

  Елдi мекеннiң бас жоспары - аймақтарға бөлудi, оның аумағының жоспарлы құрылымы мен функционалдық ұйымдастыруды, көлiк және инженерлiк коммуникацияларды, көгалдандыру мен абаттандыру жүйелерiн белгiлейтiн, қаланы, кенттi, ауылды не басқа да қонысты дамыту мен салуды кешендi жоспарлаудың қала құрылысы жобасы

  2001 жылғы 16 шілдедег» «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» N242 Заңының 1-бап 9)-тармағына сәйкес

 

5.

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы ММ-сі

Бас жоспар және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының халыққа қолжетімділігі

Жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерінде танысуға мүмкіншілігі бар

    Жергілікті атқарушы органдар ұлттық қауіпсіздік органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша елді мекендердің бас жоспарларының бекітілген схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, инженерлік коммуникациялар схемалары жөніндегі ақпаратты интернет-ресурста және халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде, деректерді жаңартып отыру кезеңділігімен тоқсан сайын орналастыруға міндетті.

  Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N442 Жер кодексінің 44-1 бабының 2-тармағына сәйкес

 

6

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы ММ-сі

Құрылыс нормаларын сақтамай салынған объектілер

ҚНжЕ, Ережелер жинағы нормаларын сақтамау.

Елді мекен шегінде жеке тұрғын құрылысына берілген жер телімдерін игеру мақсатында құрылыс салу барысында, құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарының, оның ішінде:

-өртке қарсы ара қашықтықтың сақталмауы;

-шекарадан шаруашылық құрылымдарға дейінгі ара қашықтықтың сақталмауы;

-жеке тұрғын үйден ара қашықтықтың сақталмауы;

- көпқабатты тұрғын ұйлер аумағында автотұрақтардың қарастырылмағандығы;

- көпқабатты тұрғын ұйлер аумағында спорт алаңшаларының қарастырылмағандығы;

 

«Жеке тұрғын үй құрылысы туралы»

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 3 қарашадағы                      № 213 Заңы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» №750 бұйрығы.

СН РК 3.01-01-2013 «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылысын салу»

СН РК   3.01-02-20212 «Жеке тұрғын үй құрылысын салу аудандарын жоспарлау және құрылысын салу»

 

7

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы ММ-сі

Елді мекен шегіндегі құрылыс жүргізуге арналған жер мәселелері

Жер телімдерін пайдалану кезінде заң талаптарын сақтамау

Елді мекен шегіндегі мемлекетке тиесілі жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде және тиесілі емес жер тучаскелерінде  құрылыс жүргізу өз бетінше салынған құрылыс болып табылады. Осыған байланысты сот тәртібімен тиісті жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіледі.

2001 жылғы 16 шілдедег» «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» N242 Заңы.                              

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N442 Жер кодексі

 

8

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы ММ-сі

Бекітілген қолданыстағы сәулет қалақұрылысы құжатнамасына (бас жоспар, ЕТЖЖ) сәйкес келмейтін құрылысы жоспарланған нысандар туралы

Бас жоспардың жобалық шешімдері сақталмай салынған құрылыс нысандары.

Бекітілген, қолданыстағы сәулет қалақұрылысы құжатнамасына (бас жоспар, ЕТЖЖ) сәйкес қала құрылысы регламенттері сақталынбай салынған объектілер:

-қызыл сызық;

-функционалдық аймақтандыру;

-санитариялық-қорғау аймақтары;

-су қорғау белдеулері;

-тарихи-мәдени нысандардың қорғау аймақтары;

-нүктелік құрылыстар;

 

2001 жылғы 16 шілдедег» «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» N242 Заңы.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N442 Жер кодексі

 

9

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы ММ-сі

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құрылыс салуға бастапқы рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу мәселелері

ЖАО-ның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің көрсететін мемлекеттік қызметін сапалы, уақытылы орындалуы

ЖАО-ның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің қызметіне:

-сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру;

-эскиздік жобаны бекіту;

-қабылдау актілерін есепке алу;

-елді мекен шегінде құрылысқа арналған жер телімдерін ұсыну;

-жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» №750 бұйрығы.

 

10

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы ММ-сі

ЖАО-ның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің қызметіне байланысты қызметкерлеріне шара көру туралы шағымдар

ЖАО-ның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің көрсететін мемлекеттік қызметіне шағымдану.

ЖАО-ның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің көрсететін мемлекеттік қызметіне шағымданған жағдайда басқарма тарапынан аудан, қала әкімдеріне жауапкешілігін қарау бойынша ұсыныс беріледі. Алайда шағымданушылар бұл жауапқа, іс-әрекетке қанағаттанбайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» №750 бұйрығы