САРЫАҒАШ: ЖАНҰЯ – БАҚЫТТЫҢ ТІРЕГІ

САРЫАҒАШ: ЖАНҰЯ – БАҚЫТТЫҢ ТІРЕГІ
 
Бүгін Арман Абдуллаев «15 мамыр - Халықаралық отбасы күні» мерекесіне орай көпбалалы, үлгілі және өнегелі отбасыларды сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірінің дамуына үлес қосып, белсенді жұмыс атқарып жүрген отбасыларды да арнайы қабылдап, құттықтады.
 
- Баршаңызды «15 мамыр - Халықаралық отбасы» күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасы – еліміздің мызғымас тұрақтылығының, ауызбіршілігі мен болашағының қайнар көзі. Себебі тәрбиелі ұрпақтың ел мен жерге адал қызмет жасауы жанұядағы өнегеден бастау алмақ. Отбасы – еліміздің мызғымас тұрақтылығының, ауызбіршілігі мен болашағының қайнар көзі. Себебі тәрбиелі ұрпақтың ел мен жерге адал қызмет жасауы жанұядағы өнегеден бастау алмақ. Сондықтан да, «Отбасы» қашанда қоғамның іргесін ұстайтын маңызды тетігі, діңгегін қалаушы берік кірпіші,- дей келе аудан басшысы үлгілі отбасыларды арнайы алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстады.
 
Мерекелік шара барысында жиналған қауым өздеріне көрсетілген құрмет үшін аудан әкімі Арман Абдуллаевқа алғыстарын айтып, ауданның өсіп-өркендеуіне жемісті қызмет етуін тіледі. Жиын аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламаларымен жалғасты.
 
Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын арттыруға ықпал етеді. Мерекенің негізгі мақсаты – қоғамның назарын отбасы проблемаларына, отбасы құндылықтарын тәрбиелеу және нығайту мәселелеріне аудару.
 
Сарыағаш ауданында 45 мыңнан аса отбасы болса, олардың ішінде 19 299 көп балалы отбасы.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі