САРЫАҒАШТЫҚТАР  ТЫЛ  АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

САРЫАҒАШТЫҚТАР  ТЫЛ  АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

 

 

9 мамыр  Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев  тыл ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медальдар мен сый-сияпаттар табыс етті.

 

Сарыағаш ауданында  бүгінде 154 тыл ардагері тұрады. Олар – ел басына күн туған қиын-қыстау заманда маңдай терін сарп етіп, еңбекпен жеңісті жақындатқан жандар.

 

Құттықтау сапары Сарыағаш қаласының тұрғыны  Жолдас  Нурмағанбетовтың  шаңырағынан басталды. Аудан  басшысы қарияға арнайы шапан жауып, сый-сияпат тарту етті. Ақсақал өзінің жастық шағы мен еңбек жолынан сыр шертіп, ақ батасын берді.

 

Сондай-ақ,  Арман Абдуллаев Сіргелі елді мекенінде  тұратын 98 жастағы Куляйза Оразбаеваны да құттықтап, мерекелік  медальді  табыстады.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі