САРЫАҒАШ: ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

САРЫАҒАШ: ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

 

 

9 Мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы Сарыағаш ауданында жоғары деңгейде аталып өтті. Аудан  орталығындағы  Жеңіс саябағындағы  «Ерлік  тағзым, ұрпаққа -үлгі»  атты мерекелік  шараға  ауданның зиялы қауым өкілдері, тыл ардагерлері, әскери қызметкерлер мен жастар, аудан тұрғындары қатысты.

 

Мерекелік  шараға жиналғандар мәңгілік алауға гүл қойып, майдан даласында жанын пида еткен қаһармандардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті.

 

Салтанатты  шараға арнайы қатысқан аудан әкімі  Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы  Рысбек Асылбекұлы  мерекемен құттықтады. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Ұлы Жеңіске үлес қосқан тыл еңбеккерлері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Ардагерлерге бұл құрметті марапатты аудан басшысы  арнайы табыстады.

 

Мерекелік шарада  аудандық мәдениет үйінің  өнерпаздары шырқаған  патриоттық әндер шараға жиналғандардың  рухын көтеріп, көрермендердің көңілін толқытты.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі