САРЫАҒАШ: «ЖЕҢІС ЛЕНТАСЫ» НАУҚАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

САРЫАҒАШ: «ЖЕҢІС ЛЕНТАСЫ» НАУҚАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

 

Сарыағаш ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ерекше патриоттық «Жеңіс лентасы» науқаны ұйымдастырылды.

«Жеңіс лентасын» жастар аудан басшысы Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлына арнайы тақты. Оған қоса, Жеңіс саябағында аудан тұрғындарына лента таратылды. Тағылған лента әр тұрғынның кеудесінде өткенге деген құрмет пен мақтаныштың белгісіндей жарқырап тұрды.

Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған акция тарихи естеліктерді сақтауға және бейбіт өмір сыйлаған батырлардың ерлігіне құрмет көрсетуге бағытталған.

Аспан түстес көгілдір және ортасында алтын түсті ұлттық өрнекпен безендірілген «Жеңіс лентасы» – бейбіт өмір үшін жанын қиған батырларды еске алудың, олардың рухына тағзым етудің көрінісі.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі