ТАЗА ҚАЗАҚСТАН:СЕНБІЛІККЕ 900-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСТЫ

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН:СЕНБІЛІККЕ 900-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСТЫ

«Таза Қазақстан» аясында бүгін Сарыағаш ауданында ауқымды  сенбілік жұмыстары өткізіліп, республикалық маңызы бар А-15 тасжолының бойы, облыстық және аудандық маңызы бар тасжолдарының бойымен ішкі көшелерде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді. Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен қолға алынған жалпы аудандық тазалық шарасы жалғасуда. Сенбілікте әр мекеме өзіне жүктелген аумақты таңғы сағат 09:00-ден бастап тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.

 

Аудан басшысы тазалық жұмыстарына қызметкерлермен бірге атсалысты. Оған қоса, Сарыағаш қаласына қарасты Ысмайылов көшесінен бастап Қабланбек елді мекеніне дейін арнайы аралап, тазалық жұмыстарын бақылады. Сарыағаш қаласының және Қабланбек ауылдық округінің әкімдеріне  бірқатар ескертулер беріліп, тапсырмалар жүктелді. Орындалу барысын баяндау тапсырылды.

 

Сенбілік барысында  республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазартылып,шөптерді ору жұмыстары жүргізілді.Оған қоса, қураған ағаш бұталарын кесу, талдарды ретке келтіру, әктеу-сырлау  жұмыстары атқарылды. Жалпы  7 техника, 900-ге жуық адам  жұмылдырылып, 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

 

- «Таза Қазақстан»  науқанын қолдау мақсатында ,сондай-ақ ауданымыздың тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудан аумағында сенбілік жұмыстары қарқынды түрде ұйымдастырылуда. Бүгінде тазалықты сақтау  күнделікті өмір салтына айналдыру қажет.Сондай-ақ, бұл жұмыс аудан орталығында ғана емес, ауыл округтерде, елді мекендерде де ұдайы ұйымдастырылуы керек. Туған жерімізді таза ұстау өзімізге байланысты, барша тұрғындарды тазалық жұмыстарына белсене атсалысуға шақырамын! - дей келе, тазалық жұмыстары жыл бойы жалғасын табатынын атап өтті.

 

«Таза Қазақстан» науқанының мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі