САРЫАҒАШ: БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

САРЫАҒАШ: БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы болып Қарақұлов Серік Зәкірұлы тағайындалды.

Серік Қарақұлов 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 2005 -2009 жылдары Сарыағаш аудандық қаржы бөлімінің келісім шарт негізінде инспекторы, жетекші маман, жергілікті бюджеттің орындалуын есептеу және есеп жүргізу секторының бас маманы, жергілікті бюджеттің орындалуын есептеу, есеп жүргізу және мүлікті инвентаризация жасау, жекешелендіруден кейінгі бақылау мен мүлікті жалға беру секторының жетекші маманы, бюджеттің атқарылуын талдау, үйлестіру және қаржыландыру секторының бас маманы қызметтерін атқарған. 2009-2018 жылдары Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маман, бюджеттің атқарылуын есептеу секторының жетекші маманы, экономикалық талдау және инвестиция секторының меңгерушісі, бюджеттік жоспарлау, бюджеттің орындалуын есептеу, есеп беру және мониторинг секторының меңгерушісі қызметтерін атқарып, бөлім басшысы болған. 2018-2023 жылдары Келес ауданы әкімінің орынбасары лауазымда қызмет атқарған.


Осы қызметке тағайындалғанға 2023 жылдан бастап 2025 жылдың сәуір айына дейін Сарыағаш ауданына қарасты Жартытөбе ауылдық округінің әкімі аппартының бас маман есепші - бюджетті жоспарлау және орындалуы жөнінде үнемдеуші қызметін атқарып келген.

Жаңа басшыны ұжымға аудан әкімі аппаратының басшысы О.Ыбрай арнайы барып таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі