САРЫАҒАШ: «ҚАЗЫҒҰРТ» КЕДЕН БЕКЕТІ МАҢЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САРЫАҒАШ: «ҚАЗЫҒҰРТ» КЕДЕН БЕКЕТІ МАҢЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін аудан әкімі  Арман Абдуллаев  «Қазығұрт» кеден бекетіне барып, бекеттің  кіреберіс  аумағында  жүргізіліп жатқан  жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, сала басшылары және мердігер мекеме өкілдерімен кездесті.

 

-Біздің басты мақсатымыз – шекара аймағын ретке келтіру. Қауіпсіздікті, тазалықты сақтау. Әрине кәсіпкерлерді қолдап, оларға жұмыс істеуге жағдай жасау керек. Бұл аумақтағы қирағалы тұрған сауда ошақтары  мен құрылыстан қарапайым халық жапа шегуі мүмкін,-дей келе кептелістерді азайту, ретке келтіру, келушілерге қолайлы жағдай жасау, абаттандыру бойынша тапсырмаларды  сала басшыларына жүктеп, жіті бақылауды салаға жауапты орынбасары Мұрат Байгабуловқа тапсырды.Оған қоса, салаға жауапты орынбасарына «Қазығұрт» кеден бекеті бойынша берілген  тапсырмалардың орындалу барысы бойынша бірқатар ескертпелер атап өтті. Жұмысты жүйелендіруді, мерзімімен бекітуді тапсырды.

 

Бүгінде, кеден бекетінің кіреберіс аумағындағы  жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Тапсырыс беруші мекеме "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Түркістан облыстық филиалы.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі