САРЫАҒАШ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

САРЫАҒАШ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың  қатысуымен  аудандық  білім бөлімінің  2025  жылы бюджет қаржысы есебінен атқарылатын жұмыстар барысын пысықтау мақсатында талқылау өтті. Жиынға  аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев, аудандық білім  бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы  Азамат Таңғатаровтар  қатысты.

 

 Жиын барысында Азамат Таңғатаров  білім бөлімінің  2025  жылы бюджет қаржысы есебінен атқарылатын жобалар мен жұмыстары туралы баяндап өтті. Аудан басшысы қаралған  мәселелер мен отырыс барысында айтылған ұсыныстарды ескеріп, тиісті тапсырмалар жүктеді. Сала басшыларына  бюджет қаржысын тиімді пайдалану тек заң аясында жүргізу қажет екенін  ескертті.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі