САРЫАҒАШ: КЕЗЕКТЕН ТЫС  СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

САРЫАҒАШ: КЕЗЕКТЕН ТЫС  СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс отызыншы сессия отырысына қатысты. Кезектен тыс  сессия отырысына  аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіне енгізілген   4  мәселе қаралды.

 

Рысбек Асылбекұлы  сессия отырысы барысында жаңадан тағайындалған ауданның кірістер басқармасының бастығы Талғат  Алиевті аудан активіне  таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

 

Күн тәртібіндегі  «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және келесі мәселе  «ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру»  бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратовтың баяндамасы тыңдалды.

 

Келесі мәселе «Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын қайта бекіту туралы»  бойынша аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесінің бас маманы Сламбек Ишанов баяндады.

 

Қаралған мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.Сессия соңында күн тәртібіндегі талқыланған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тарапынан ұсыныстар берілді,хатаммаға енгізілді.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі