
Сарыағаш ауданында шегіртке зиянкестерінің таралуының алдын алу мақсатында химиялық күрес шаралары күшейтілген режимде жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстарды пысықтау мақсатында бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен аудандық штабтық отырысы өтті. Жиынға ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірханов, Ақжар ауылдық округінің әкімі Серік Сапастаев, Дербісек ауылдық округінің әкімі Даулет Артықбай , Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Асқар Сейтжаппаров, Қабланбек ауылдық округінің әкімі Қанат Тұрсынбаев және Қызылжар ауылдық округінің әкімі Әбжаппар Рахымбердиевтер қатысты.
-Сіздерден талап тек уақытылы, жылдам және сапалы жұмыс атқару. Себебі бұл мерзімдік жұмыс! Уақытты ұтымды пайдалану қажет, бүгінде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы жағдай толық жасалған. Күнделікті атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне баяндалуы керек. Ауылдағы шаруалармен бірге жүйелі жұмыс жүргізіңіздер,- деп аудан әкімі сала басшыларына бірқатар ескертулер атап өтіп, тапсырмаларды нақтылады. Мерзімімен міндеттелді.
Қазіргі таңда, шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары, фитосанитариялық іс-шаралар 8 ауылдық округтерінде жүргізілуде. Залалсыздандыру жұмыстары арнайы техникалармен және аспалы бүріккіштермен және ұшақпен жүргізілуде. Мамандар дернәсілдер анықталған алаңдарды тұрақты бақылауында ұстап отыр.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі