САРЫАҒАШ:  ӘЛІМТАУ  АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ  ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

САРЫАҒАШ:  ӘЛІМТАУ  АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ  ӘКІМІ САЙЛАНДЫ
 
2025 жылдың 20 сәуір күні Әлімтау ауылдық округінің әкімін халық тікелей өздері сайлады. Сайлау нәтижесі бойынша басым дауыспен жеңіске жеткен Берік Таменов Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Шешімімен Әлімтау ауылдық округ әкімі болып сайланды.
 
Бүгін Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Тоқтамұрат Балабаев Әлімтау ауылдық округ әкіміне қызметтік куәлігін табыстады. Жаңа әкімді ауылдық округ активіне Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев таныстырып, алдағы мақсат-міндеттерін айқындап берді.
 
Берік Таменов 1986 жылы 3 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген, білім жоғары. Еңбек жолын 2007-2008 жылдары Алматы қаласында әскери қызметте, 2009-2010 жылдары «Титан» ЖШС-і күзет агенттігінің Оңтүстік-Қазақстан филиалында күзетшісі , 2013 – 2025 жылдары аралығында Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығында» жастар ісі жөніндегі инспектор, Әлімтау ауылдық округі әкімі аппаратында әскери есепті жүргізу бойынша жетекші маман, ауыл шаруашылығы жөніндегі бас маман қызметтерін атқарып келген.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі