
Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауданда орналасқан бірқатар мектептерге арнайы барып, жұмыстарының барысымен танысты.
Алдымен, Сарыағаш қаласында орналасқан «Smart hub» жасанды интеллект мектебінің жұмыс барысын бақылады. Келесі кезекте, №27 Шәкәрім, №67 Т.Тәжібаев, №33 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектептерінің, оған қоса, №47 Көбеев атындағы бастауыш мектебінің асхана блогының жұмыстарының жай-күйін саралап,сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, аудан әкімі №47 Көбеев атындағы бастауыш мектебінің жанынан жеке кәсіпкер есебінен 200 орындық білім беру ұйымының құрылысы жұмыстары бойынша мердігер мекеме өкіліне мерзімінде аяқтап, халық игілігіне тапсыруды жүктеді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі