САРЫАҒАШ: ТЕМІР ЖОЛ СТАНЦИЯСЫНА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ҚАЙТА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

САРЫАҒАШ: ТЕМІР ЖОЛ СТАНЦИЯСЫНА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ҚАЙТА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін  Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында орналасқан темір жол станциясына  жүргізілетін қайта жөндеу жұмыстарын талқылау үшін жобалаушы мекеме өкілдерімен кездесті.

 

–Құрылыс-монтаж  жұмыстары барысында  жоғары сапалы  материалдар пайаланып, жан-жақты қауіпсіздік шаралары  да ескерілуі қажет. Келушілер мен туристтерге қолайлы жағдай жасау - басты мақсат,  – деді  Арман Абдуллаев.

 

«Сарыағаш» темір жол станциясына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаты әзірленген. Тапсырыс беруші  АҚ «ҰҚ Қазақстан темір жолы». Жобалаушы мекеме  ”Конструктор-80”  ЖШС-і, жөндеу жұмыстарын мамыр айында бастау жоспарлануда.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі