
«Мен өмірге құштармын» атты аудандық фестиваль өтті. Фестиваль аясында жас қолөнер шеберлерінің туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Талантты жастар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Аудандық фестивальге арнайы аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, аудандық маслихаттың депутаты Нұрболат Арапбаев, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Марат Құралов, “AMANAT” партиясының Сарыағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Құдірет Қыстаубаевтар қатысып, қатысушыларға алғыстарын білдіріп, арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Іс-шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық белсенділігін арттыру, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға қолдау көрсету және қоғамда кедергісіз орта қалыптастыру. Бұл – ерекше жандардың қоғам өміріне белсенді араласуына, өз мүмкіндіктерін паш етуіне жол ашатын маңызды шара болды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі