
Aудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын дамыту жоспары бойынша берілген тапсырмалар барысын бақылау үшін арнайы қала аумағын аралады.
Аралау барысында аудан басшысы алдымен қалаға қарасты Самал мөлтек ауданының Нұрқыран көшесіне жүргізіліп жатқан шағал төсеу жұмыстарының жай-күйін бақылады. Бүгінде, мердігер мекеме «UsMan Mustafa» тарапынан көше жолын тегістеу жұмыстары жүргізілуде.
Келесі кезекте аудан әкімі қала аумағынан өтетін А-15 республикалық маңызы бар тас жолының жиегіне егілген бұталы шарбақтарды күтіп-ұстау бойынша қала әкімі А. Ешанқұлға тапсырмалар берді. Көгалдандыру мақсатында тас жол бойына бұталы шарбақтарды отырғызу, күтіп-ұстау жұмыстарына жауапты «ИП Мансур» мекемесі.
Атқарылған жұмыстардың барысын саралаған аудан басшысы қала әкімі А. Ешанқұловқа бірқатар ескертулер атап өтіп, тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, орындалу барысын баяндауды тапсырды. Берілген тапсырмалар өз жіті бақылауында болатынын ескертті.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі