Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында орналасқан «Қабланбек» кеден бекетінің жұмыс барысын арнайы аралап көріп, сала басшыларына кеден бекеті маңындағы заңсыз саудаларды болдырмау, кептелістерді азайту, ретке келтіру, келушілерге қолайлы жағдай жасау, абаттандыру бойынша берілген тапсырмаларды пысықтады.
Аралау барысында аудан әкімі «Евразия-S» ЖШС-нің аумағындағы сауда нүктелерін, автотұрақ маңын ретке келтіруді, Сарыағаш қаласының әкімі А. Ешанқұлға кеден бекетінің маңындағы қоршаудың қасбетін ретке келтіруді, тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу тапсырды.Сонымен қатар, кеден бекетін маңын дамыту бойынша жоспарланған жобаларды нақты мерзімімен көрсетуді жүктеді. Сала басшыларына бекет жанында пайдаланудағы және салынып жатқан ретсіз, заңсыз құрылыстарды анықтап, құқық бұзушылықты жою бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізу тапсырылды.
- Басты мақсат - кәсіпкерлерге қолдау көрсету, туристтерге қолайлы жағдай жасау, тұрғындарды жұмыспен қамту, заң аясында әрбір мәселенің шешу жолдарын қарастыру. Сондықтан, жобалардың жүзеге асыруда жұмысты ширату қажет,- деді аудан басшысы.
Кеден бекеті маңында полиция пункті салынып, бейнекамералар орнатылған. Арнайы кәсіпкерлік нысан аймағына уақытша сақтау қоймасы, жүк және жеңіл көліктерге арналған автотұрақ, ғимарат аумағына тамақтану және сауда орындары, ақша айырбастау пункттерінің құрылысы жүруде. Қазақ-өзбек шекарасының маңындағы «жабайы» саудаға тосқауыл қойылады. «Қабланбек» кеден бекетінің айналасы толық реттеледі.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі