САРЫАҒАШ:  ӘРБІР САЛАДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

САРЫАҒАШ:  ӘРБІР САЛАДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен  облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстарына дайындықты саралау мақсатында Дарбаза, Жылға, Әлімтау ауылдық окргутерінде аудандық штаб отырысы өтті. Жиын барысында шегірткеге қарсы күрес бойынша жұмыс жоспары және  анықтаушыларға аумақтар белгіленіп бөлінді және нақты тапсырмалар берілді. Оған қоса, аудан әкімі шегіртке зиянкестерімен күреске  ақылы қоғамдық жұмыс арқылы тартылған  анықтаушыларды оқыту, Дарбаза ауылдық округінде салынып жатқан индустриалды аймақтың құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.

Биыл Сарыағаш ауданы бойынша мароккалық шегіртке зиянкесіне қарсы 86, 7 мың га жерді хиямиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Шегіртке зиянкестерімен күреске ақылы қоғамдық жұмыс арқылы анықтаушы, анықтаушыларды тасымалдауға арналған автокөлік, су және жанар-жағармай материалда (гсм) тасуға арналған техникалар, жатын орындар және жергілікті әкімдіктерден жауапты ретінде бекітілген   қызметкерлер  жұмылдырылатын болады. Жалпы ауданға қарасты 8 ауылдық округке ақылы қоғамдық жұмыс арқылы тартылған 190 азамат жолданады.

Келесі кезекте аудан әкімі Сарыағаш қаласы аумағындағы  қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған арнайы қоқыс полигон аумағын ретке келтіру жұмыстарының барысын пысықтады. Сарыағаш қаласы әкімі А. Ешанқұл және «SMB Group» ЖШС-нің басшысы М. Секеровке тиісті тапсырмалар берілді, хаттамаға енгізілді.

Айта кетсек, жалпы алаңы 9,0 га аумақта тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған  қоқыс полигонын күтіп-ұстау, ретке келтіру  негізінде 2025 жылдың наурыз айынан бастап  «SMB Group» ЖШС жүргізуде. Сарыағаш қаласы бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелерінің хаттамасына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жобасын іске асыру туралы «SMB Group» ЖШС-мен биыл қаңтар айында   №1 меморандум түзілген.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі