НАУРЫЗНАМА: ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МӘДЕНИЕТІМІЗДІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ

НАУРЫЗНАМА: ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МӘДЕНИЕТІМІЗДІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ
 
Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні» ретінде белгіленген. Бұл мейрам халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындарын дәріптеуге, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға және жас ұрпақты ата-баба мұрасын құрметтеуге шақыруға арналған.
 
Бүгін осы игі шараны қолдау мақсатында Сарыағаш ауданында ұлттық ойындар дәріптеліп, ауылдық округтерді ұлттық спорт ойындарынан түрлі сайыстар өтті. Сарыағаш қаласы және Дербісек ауылдық округінде ат спорты бойынша түрлі жарыстар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату сондай-ақ асық ату, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ, садақ атудан жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар және дипломдар табысталды.
 
Айта кетсек, қазақ халқының ұлттық спорт түрлері – тек ойын-сауық қана емес, сонымен қатар жауынгерлік рухты оятатын, ептілік пен батылдықты талап ететін өнер. Ата-бабаларымыз көшпелі өмір салтында өзін-өзі қорғау мен аңшылыққа дайын болу үшін түрлі спорттық ойындармен айналысып, ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналды.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі