САРЫАҒАШ: КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

САРЫАҒАШ: КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
 
Сарыағаш аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен Сарыағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті. Жиынға аудандық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері, дербес бөлімдер, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Комиссияның 2025 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес күн тәртібіндегі террористік тұрғыдан осал объектілерді тексеру барысында туындаған мәселелері қаралды.
 
Комиссия отырысында аудандағы діни ахуал, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты діни бірлестік нысандарының заңдастырылуы мәселелері, «Сарыағаш» қайырымдылық қорына қатысты мәселелер кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, терроризмге қарсы қызмет саласындағы орындаушылық тәртіп туралы мәселелер талқыланып, баяндамалар мен сын-пікірлер тыңдалып, сала басшылары мен қала, ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берілді.
 
Мәжіліс соңында аудан әкімі терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу үшін, мемлекеттік органдар бірге жүйелі жұмыстар жүргізуі қажет екендігін жеткізді.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі