«Наурызнама» онкүндігі аясында 19 наурыз Жаңару күні болып белгіленген. Наурыз мейрамы қарсаңында аудан көлемінде көктемгі ағаш егу дәстүрі жүзеге асырылуда. Бүгінде, аудан бойынша Жаңару күні 1500 аса көшет егіледі. Игі шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, жауапты бөлім басшылары мен мекеме қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары, жалпы 1000-нан астам адам белсене атсалысты.
Ауылдық округ, қала және елді мекендерде егілетін ағаштардың басым бөлігін терек, қарағаш, айлант, қарағай, үйеңкі, жеміс талдары сынды жергілікті климатқа бейімделген ағаштар құрайды. Көшеттер ауданға қарасты 13 ауылдық округ және қаланың саябақтары мен гүлзарларына, сонымен бірге елді мекендерді қосатын жол бойлары, мектептер мен орталық көшелерге отырғызылады.
Айта кетсек, Сарыағаш қаласына кіреберіс аумақты жасыл желекті саябаққа айналдыру мақсатында ағаштар отырғызылып, су жүйелерімен қамтамасыз етіліп, қоршау жұмыстары жүргізілген.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі