Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Алмас Салимов, Уалихан Рахиев, Қайрат Салыбек, Жәнібек Сүлейменов аудан тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге ауыл ақсақалдары, аудандық мәслихатының бірқатар депутаттары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің салалық бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, ауданның белсенді азаматтары қатысты. Кездесуді регламентке сәйкес аудан әкімі Арман Абдуллаев жүргізіп отырды.
Жиында облыстық мәслихаттың депутаты Алмас Салимов ашық форматтағы пікір алмасу кездесуі екенін атап өтті. Облыс депутаты Жәнібек Сүлейменовтың 2024 жылы Түркістан облыстық мәслихаттың атқарған жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды.
Аудан тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға депутаттар жауап беріп, ұсыныс-пікірлер тыңдады. Өз кезегінде халық қалаулылары әрбір көтерілген мәселелерді жіті бақылауларына алатындықтарын жеткізіп, олардың кейбіреулерін шешу үшін тиісті қаржы көздерінен қаражат қарастыру бойынша заң шеңберінде жұмыс жүргізілетіндігін айтты.
Сырағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі