САРЫАҒАШ: ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСАДЫ

САРЫАҒАШ: ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСАДЫ

Экономиканы әртараптандыру бағытында инвестиция тарту жұмыстарын күшейту керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  бүгін өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. Осы ретте, аудан экономикасына инвестиция тарту мақсатында аудан  әкімі Арман Абдуллаевтың  төрағалығымен инвестиция штабының отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Амирханов, жер қатынастары бөлімі басшысының  міндетін уақытша атқарушы Жанболат Байболовтар қатысты. Жиында ауданға инвесторлар тарту бағытындағы атқарылатын жұмыстардың жол картасымен бекітілген жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және өзекті мәселелер талқыланды.

 

-Сіздер  әрбір  кәсіпкермен тілдесіп,жобалардың мерзімінде  жүзеге асырылып, аудан экономикасын дамыту бағытында жұмысты жандандырып, жүйелендіру қажет,-дей келе аудан басшысы сала басшыларына бірқатар сын-ескертпелер атап өтіп,  салаға жауапты орынбасарына әр екі апта сайын жұмыс барысын баяндауды тапсырды.

 

Аудан басшысы  жаңа өндіріс орындары ауданымыз үшін маңызды екенін, ұсынылған жобаларға қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Индустриалды аймақтардан қажетті жер беріледі. Сонымен қатар, жобаның жүзеге асырылуы барысында кездесетін мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

 

Айта кетсек, отырыстың негізгі мақсаты - әкімшілік кедергілерінің орын алуына жол бермеу, рұқсат беру құжаттарының рәсімдеу, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен қолдау тетіктерін дер кезінде ақпараттандыру және оны пайдалануда жобаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу, жаңа жұмыс орындарын ашу.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі