Бүгін аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байгабуловтың төрағалығымен ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жанындағы тұрғын үй комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімі Арман Абдуллаев ,ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ә. Құрбанов, аудандық мәслихат депутаттары, билер алқасы және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібіндегі негізгі мәселе Сарыағаш қаласына қарасты Самал-3 мөлтек ауданында ағымдағы жылы құрылысы аяқталған 1 бөлмелі 20 арендалық пәтерді кезекте тұрған азаматтарға беру туралы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкері Е.Нұрша хабарлама жасады.
Отырыс барысында комиссия мүшелері аталған мәселелерді талқылай келе комиссия мүшелерінің шешімімен арендалық үйде тұрып жатқан, алайда келісім шарт талаптарын орындаудан бас тартып отырған азаматтарды тұрғын үйден шығару мәселесі қабылданды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі