САРЫАҒАШ:  «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ» ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

САРЫАҒАШ:  «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ» ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Аудан  әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында салынып жатқан “Жайлы мектептердің” құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты.

Алдымен аудан басшысы А. Оспанов көшесінің бойындағы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 300 орындық білім ордасының құрылыс жұмыстарының барысын  бақылады.

Қазіргі таңда, мектеп ғимаратының жер жұмыстары, спорт және  акт залының фермаларын орнатылған. Сонымен қатар, бірінші қабатының жылыту, желдету жүйесі, ішкі электр жүйесін жүргізу жұмыстары және екінші қабатының ішкі сылақ жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы құрылыс алаңында 6 техника және 32 адам жұмылдырылған.

Келесі кезекте аудан әкімі Телемұнара шағын ауданында салынып жатқан «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарының барасын саралады.

Нысанның шатырын жабу жұмыстары басталып, сыртқы қоршауларына бетон құю, ішкі жылу жүйесін орнату  жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, құрылыс нысанының сыртқы жауын сулары ағатын лотоктар орнатылуда. Жалпы құрылыс жұмыстарына 145 адам жұмылдырылған.

Бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай келе аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді, сонымен қатар мерзімінде және сапалы аяқтау қажет екенін ескертті.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасыз қызметі