АУДАНЫМЫЗҒА  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ КЕЛДІ

АУДАНЫМЫЗҒА  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ КЕЛДІ

Ауданымызға ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапаров Айдарбек Сейпілұлы  арнайы жұмыс сапарымен келді.Айдарбек Сапаров   Құркелес  ауылдық округінде орналасқан «Айбарша» шаруа қожалығынының жұмысымен танысты.

Түркістан облысы ауыл шаруашлығының басқарма басшысының орныбасары Ә. Плалов қожалықтың жұмыс барысын көрсетіп, облыс ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлардың жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Айта кетсек, «Айбарша» шаруа қожалығынының иесі  Оразбаев Ержан Құркелес 1 га егістік жерге 40 000 дана фарао  түріндегі қырыққабатты  егіп, алдағы уақытта 100 тонна өнім алуды жоспарлауда.  Е.Оразбаев 4 жылдан аса уақыт егін шаруашылығымен айналысып,  ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда.Қазіргі таңда, тұрақты түрде 2 адам, терім және егін кезінде 40 адамды жұмыспен қамтылады.  

Айдарбек Сапаров  аудан шаруаларымен жиын өткізді. Жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев,Түркістан облысының әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы , Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы  басшысының орынбасары, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, шаруа қожалық иелері қатысты.

Жиын барысында ауыл шаруашылығындағы субсидиялау, ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, министр тарапынан әрбір мәселеге жіті тоқталып, жауап берді.

 

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі