ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНДА

ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНДА

Ауданға ҚР Парламенті Сенатының  депутаттары: А.Мәкежанов, М.Қадырбек, Н.Ниязова, А.Нұғманов, Б. Орынбеков, Н. Бекенов, С. Карплюк  жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында аудан аумағында орналасқан "Қабланбек" және "Жібек жолы" кеден бекеттерінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Жұмыс сапарды алдымен Сарыағаш қаласының аумағында  орналасқан "Қабланбек" кеден бекетінің құрылыс жұмыстарының барысын бақылаудан бастады.Мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаттарының  тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды.

Сонымен қатар, халық қалаулылары  "Жібек жолы" кеден бекетін дамыту жоспарларын  қарастырды.Аралау барысында кәсіпкерлермен кездесіп, талқылау өткізді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі