«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: АУДАНДА  КӨГАЛДАНДЫРУ, ТАЗАЛЫҚ  ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: АУДАНДА  КӨГАЛДАНДЫРУ, ТАЗАЛЫҚ  ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында аудан аумағында  ағаш көшеттері отырғызылып, тазалық жұмыстарымен қатар әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйлері мен спорт мекемелері, орталық кітапхана ғимараттарының аулаларында абаттандыру жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар, ауданға қарасты Құркелес ауылдық округ аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар А-15 автожолының бойында шөп ору және тазалық жұмыстары жүргізілді.Экоакция аясында тазалық жұмыстарына 2 арнайы техника, 40-тан астам адам жұмылдырылды.

Бүгінде апталық аясында аудандағы барлық ауылдар мен елді мекендерде түрлі көшеттер отырғызылуда. Одан бөлек, аялдамаларды қалпына келтіру және тұрғын үйлердің ауласын қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жасыл желек қоршаулары ретке келтіріліп, бағаналар сырланып жатыр.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі