АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ КЕЗЕКТІ РЕТ  ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ КЕЗЕКТІ РЕТ  ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Әр аптаның бейсенбі күні өтетін аудан әкімінің жеке қабылдауында 8 тұрғынның өтініштері қаралды.

Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй мәселесі, әлеуметтік көмек, жарықтандыру және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.

- Біздің мақсатымыз – жеке қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері мен талап-тілектерін қанағаттандыру. Алайда, әр мәселе заң аясында шешілуі тиіс екенін де ескерткім келеді,-деді аудан басшысы.

Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар мәселені шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.Сондай-ақ аудан басшысы қабылдауда әрбір тұрғынның өтініші аяқсыз қалмай, жіті бақылауда болатынын атап өтті.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі