АУДАНДА ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСІМЕН КҮРЕС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

АУДАНДА ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСІМЕН КҮРЕС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Аудан әкімі Арман Абдуллаев штаб мүшелерімен бірге Жылға  ауылдық округіне барып, аса қауіпті үйірлі шегірткенің марокколық түрімен күрес жұмыстарының барысымен танысты.

 

Сарыағаш ауданында биыл шегіртке зиянкесіне қарсы 75,4 мың га жер учаскесін химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 10,8 га химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Ауданымызда шегіртке зиянкесіне қарсы күрес жұмыстарына 1 – ұшақ, 18 – жер үсті техникасы және 80 адам жұмылдырылған. Сонымен қатар, химиялық өңдеу жұмыстарына пиларкинг, тиаметрин және карат супер препараттары қолданылуда.  Өңдеу  жұмыстары аудан басшының, сондай-ақ  арнайы құрылған аудандық штабтың бақылауында.

 

Қазіргі  ахуалға алаңдаған аудан  басшысы жауаптыларға жұмысты ширатуды, жауапкершілігін арттыруды ескертті.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз  қызметі