КАНАЛДЫ БЕТОНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

КАНАЛДЫ  БЕТОНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Аудан басшысы Арман Абдуллаев егістік жерлерді толық ағын сумен қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарының барысын бақылады.

Қазіргі таңда, Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Дихан баба елді мекеніндегі "54-тармақ" каналының бетонмен қаптау жұмыстары жүргізілуде. Аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, биыл наурыз айынына бастап мердігер мекеме "Kazakh Teh Stroy" ЖШС тарапынан 350 метр бөлігі бетондалуда.

Ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысын бақылаған аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне және су шаруашылығы мекеме басшысына ескертулер айта отырып, жөндеу
жұмыстарын тездетуді, сапалы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, егістік жерлерге су беру қажет екендігін атап өтті.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі