ОРТАҚ ШАҢЫРАҒЫМЫЗДЫ ТАЗА ҰСТАУ – БАРШАМЫЗҒА ПАРЫЗ

ОРТАҚ ШАҢЫРАҒЫМЫЗДЫ ТАЗА ҰСТАУ – БАРШАМЫЗҒА ПАРЫЗ

Аудан әкімі Арман  Абдуллаев  қала  орталығында жүргізіліп жатқансанитарлық-тазалық жұмыстарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады.

Аудан әкімі А-15 тас жолының бойындағы автобекет маңындағы аялмадамаланың және жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірді ретке келтіру бойынша берілген тапсырмалардың атқарылу барысын бақылады.

Келесі кезекте аудан басшысы жаяу жүріп   Әйтеке би көшесі бойынан бастап,  Мөлтек шағын ауданының аумағындағы санитарлық-тазалық жұмыстарын сараптады. Сондай-ақ, Бөкейхан көшесі бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің аумағына барып жүргізілген тазалық жұмыстарын көрді. Сонымен қатар, аралау барысындағы соңғы нысан №12 кәсіптік колледжінің аумағында орналасқан футбол алаңшасы бойынша берілген тапсырмаларды сараптады.

 Көше бойларында жатқан тұрмыстық қатты қалдықтарды, жол бойындағы арық жағасындағы шөптерді тазартуды, абаттандыру -көгалдандыру мен санитарлық-тазалық жұмыстарын қала әкім аппаратына және жауапты мердігер мекеме өкілдеріне күнделікті бақылауға алып, тиісті тапсырмалардың сапалы орындалуын қатаң тапсырды.Сондай-ақ өз жіті бақылауында болатынын ескертті.

Айта кетсек, аудан әкімінің бастамасымен аудан орталығында санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жерлестеріміз ортақ шаңырағымызды таза ұстау, оның көркеюіне атсалысу – баршамызға парыз екенін үнемі қаперде ұстауы қажет. Таза көше, таза аула – әрбір аудан тұрғынының мақтаныш болуы тиіс.

«Тазалық – саулық негізі» дейді дана халқымыз. Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру – әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлығын көрсетеді. Осы орайда, ауданымыздың барлық тұрғындары, еңбек ұжымдары, мекемелер мен ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, қоғамның белсенді азаматтары мен жастар және тұрғын үй иелері көше тазалығын өз ауласынан бастап, туған жерінің көркеюіне өзіндік үлесін қосады деп санаймыз. Аудан тұрғындарын бірлесе отырып, қолдау білдіруге шақырамыз

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі