МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы  ауылдық округі арнайы жұмыс сапарымен барып, Зортөбе елді мекені аумағындағы коммуналдық меншіктегі  "Жаңа тұрмыс" қашыртқысының  жағдайымен танысты.

Қазіргі таңда,  бөліп төлеу негізінде сатып алынған техникамен су шаруашылығы мекемесі "Жаңа тұрмыс" қашыртқысына ұзындығы 3,8 шақырым келетін механикалық тазалау жұмыстарын  жүргізуде.

Айта кетсек, ағымдағы жыл  252,8 шақырым су арналарын механикалық тазартудан өткізу жоспарланған.

Механикалық тазалау жұмыстарының барысымен танысқан аудан басшысы тиісті бөлім басшысына  жұмысты сапалы орындап, тұрғындарға ағын су жеткізуден мәселе болмау керектігін ескерттіп, механикалық тазалау барысында орын алып жатқан мәселелерді дер кезінде шешілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, аудан әкімі Арман Абдуллаев атқарылып жатқан жұмыстар  тұрақты түрде бақылауында болатынын жеткізді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі