АУДАНДА АЙНАЛМА ЖОЛ САЛУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ТАЛҚЫЛАУ ӨТТІ

АУДАНДА АЙНАЛМА ЖОЛ САЛУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ТАЛҚЫЛАУ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен  аумақта айналма жол салу бойынша жиын өтті. Жиынға  Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің өкілі, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Түркістан облысы филиалы басшысы С.Алтынбеков, Азия даму банкінің  ресми өкілі және жобалаушы мекеме өкілдері, аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов, ауданның жер қатынастары және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімдерінің  мамандары қатысты.

-Ауданда тар көшелердің салдарынан  көлік кептелісі жиі туындайды сондай ақ, ауыр жүк көліктері қала ішіндегі жолдардың сапасын бұзуда, осы тұрғыда айналма жолдың  маңызы жоғары,- деді аудан басшы өз сөзінде.

Мәжіліс барысында жобалаушы мекеме Сарыағаш ауданынан өтетін Республикалық маңызы бар автомобиль жолының айналма жолын салу жобасына  өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарын атап өтті.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі