Бүгін ауданға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Т.Қырықбаев арнайы іс-сапармен келді.
Алдымен Т.Қырықбаев «AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев, облыстық мәслихат депутаттары Ж.Сүлейменов, У.Рахиев және аудандық мәслихат төрағасы С.Тасқұлов, аудандық партия филиалының төрағасы Қ.Қыстаубаев қатысқан кездесу барысында тұрғындар өздерін мазалаған жеке мәселелерін айтып, халық қалаулысына сауалдарын жолдады. Ауданға арнайы іс-сапармен келген Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаты азаматтардың өтініш, тілектерін тыңдап, шағымдардың шешімін өз бақылауында ұстайтынын айтты.
ҚР Парламент Мәжіліс депутаты Т.Қырықбаевтың жұмыс кестесі бойынша Дербісек елді мекен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысымен танысу,Р-1 каналының жағадайымен танысу жоспарланған.
Дербісектегі ауыз су құрылыс жұмыстарына арнай барып,ауыл тұрғындарымен кездесті.
Келес магистралдық каналынан бастау алатын Р-1 каналының жалпы ұзындығы 14,0 шақырымын құраған, ал оның 12 шақырымы Өзбекстан Республикасы мен шекара аумағында орналасқан. Соңғы 2,0 шақырым бөлігі Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округі аумағында орналасқан Р-1 каналының соңғы бөлігінде Парламентінің мәжіліс депутаты Т.Қырықбаев арнайы барып, каналдың жағдайымен танысты.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі