
Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынып жатқан Сарыағаш қаласындағы №2 А.Сүлейменов атындағы 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.
«Жайлы мектептің» ерекшелігі — мектепте оқушы үшін де, мұғалім үшін де жан-жақты қолайлы жағдай жасалынады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектепте бөлек блоктарда білум алуы, сондай-ақ әр блокта оқу кабинеттері, дәретханалар, спортзалдар болуы. Балалар үшін бейнебақылау, дыбыстық хабарлау және басқа да күшейтілген қауіпсіздік шараларын орнату көзделіп отыр. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін оқу құралдарын сақтауға, ауыстырып киетін киімге арналған жеке шкафтар, сондай-ақ кітап оқуға, балалардың шығармашылық дамуы мен демалуына тиісті жағдайлар қарастырылады.
Бүгінгі таңда, аталған мектептің қазан шұңқырын қазу жұмыстары аяқталып, темір арқалықтар орнаталуда.
Құрылыс жұмыстарының барысыны бақылаған аудан әкімі мердігер мекеме өкіліне құрылысты жобаға сәйкес мерзімінде жүргізіп, құрылысты сапалы аяқтауды тапсырды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі