САРЫАҒАШТЫҚ БҰРЫМДЫ БОКСШЫЛАР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНДАРЫ АТАНДЫ

САРЫАҒАШТЫҚ БҰРЫМДЫ БОКСШЫЛАР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНДАРЫ АТАНДЫ
 
Астана қаласында 9-15 желтоқсанның аралығынды 2006-2007, 2008- 2009 жылғы жастар мен жасөспірім қыздар арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.
Чемпионатқа Сарыағаш ауданынан 8-ге тарта жас боксшы қатысты. Сарыағаштық боксшы аруларымыз рингте озық ойын үлгісін көрсетіп Түркістан облысының қоржынын майлап үлгерді.
Айта кетсек, 52 келі салмақ дәрежесінде Бағжан Отынбай айқын басымдықпен жеңіске жетіп, бокстан Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Одан бөлек, 63 келі салмақта Аружан Жаңабай, 75 келі салмақта Шұғыла Нәлібайларда алтыннан алқа тағынды. Сонымен қатар, 50 келі салмақ дәрежесінде облыстың намысын қорғаған Сарыағаштық Асем Мұрат үштікті түйіндеді.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі