ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА

ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың  2023 жылдың  қаңтар  айында өткен халықпен кездесуіндегі Құркелес  ауылдық округ тұрғындарының өтінішін жол картасына енгізген  болатын.

Тұрғындар өтінішіне сәйкес аудан басшысының тапсырмасы орындалуда. Аудан әкімі Арман Абдуллаев атқарылған жұмыстарды саралау үшін арнайы барып, бақылады. Атқарылып жатқан жұмыстар үшін аудан басшысына тұрғындар өз ризашылықтарын білдірді.

Қазіргі таңда, аудандық бюджеттен қаржы бөлініп Құркелес ауылдық округінің 4 елді мекеніне қарасты 10 көшеге  орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі